jasqazaq.kz

Ташкентте мешітке Ислам Кәрімовтің есімі беріледі

13 қыркүйек 2016, 22:17

Ташкенттің ежелгі мешіттерінің біріне Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың есімі беріледі. Бұл туралы 13 қыркүйек, сейсенбі күні өзінің Facebook-тағы парақшасында қаза тапқан мемлекет басшысының қызы Лола хабарлады.

«Улем мен кең жұртшылықтың ұсынысы бойынша «Ислам ота» мешітінің атын өзгерту шешімі қабылданды», — деп атап өтті Лола Каримова.

Ол үш жүз жылдық тарихы бар құлшылық орны 2015 жылы көктемде толықтай өртеніп кеткенін еске алды. Қалпына келтіру жұмыстары 9 ай жүрді. Құрылыс Каримовтың қызы мен оның күйеуі Тимур Тилляевтің берген қаражаты есебінен жүзеге асты, деп хабарлады Лента.ру.

Лоланың айтуынша, мешіт 560 орындық. «Күмбез ішіне, төбелері, қабырғаларына Құран сүрелері жазылған. Кітапхана, дәрет алу бөлмелері бар», — деп қосты ол.

78 жастағы Каримовтың қайтыс болғаны 2 қыркүйекте хабарланды. Келесі күні мұсылман салт-дәстүрі бойынша Самарқандта жерленді. Мемлекет басшысы 27 тамызда инсульт алып, ауруханаға жеткізілген.

Ислам Каримов 1991 жылдан бастап Өзбекстан Президенті орынтағында. Оған дейін 1990 жылдан бастап Өзбек КСР басқарған. Кеңес уақытында Өзбекстан КП ОК Бірінші хатшысы, республиканың қаржы министрі болған. Гүлнар, Лола есімді екі қызы бар.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде