jasqazaq.kz

«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті

17 маусым, 17:41


Алматы қаласында отбасы құндылықтары мен әке тәрбиесінің рөлін нығайтуға бағытталған «Тәрбие басы – әке қолында» атты қалалық форум өтті. Іс-шара Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы жүзеге асырылып жатқан «Отбасы – бақыт мекенім» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Форумға қоғам қайраткерлері, сарапшылар, педагогтер, жастар және қала тұрғындары қатысты. Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгер, «Идеал жігіт» кітабының авторы, сертификатталған коуч Ерлан Әбдірұлы, «Отбасы құпиясы» бағдарламасының авторы, «Отбасын қолдау» орталығының кеңесшісі Бахыт Амангелді, сондай-ақ Қазақстан франчайзинг қауымдастығының президенті, жазушы, публицист Бекнұр Қисықов қатысты. Жалпы форумға 200-ге жуық адам жиналды.


Форум бағдарламасы екі тақырыптық блоктан тұрды. Кездесу барысында отбасы институтын нығайту, әке институтының қоғамдағы рөлін арттыру, жауапты әкелік мәдениетті қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды.
Спикерлер өз баяндамаларында отбасы институтындағы әкенің рөліне ерекше назар аударып, бала тәрбиесіндегі әкенің миссиясы тек материалдық қамтамасыз етумен шектелмейтінін атап өтті. Сонымен қатар баланың тұлғалық, әлеуметтік және рухани қалыптасуындағы әкенің орны, ата-ана арасындағы үйлесімді қарым-қатынас, отбасылық жауапкершілік мәдениеті және тәрбиедегі сабақтастық мәселелері қозғалды.
Талқылау аясында қазіргі қоғамдағы әке бейнесінің трансформациясы, бала тәрбиесіндегі психологиялық қолдаудың маңыздылығы және отбасы құндылықтарын сақтаудың қоғамдық тұрақтылыққа әсері жөнінде пікір алмасу өтті.

Форум шеңберінде панельдік пікірталастар ұйымдастырылып, қатысушылар отбасылық саясатты жетілдіру, әке институтын дамыту және тәрбие жұмысындағы заманауи тәсілдерді енгізу бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Ашық диалог форматындағы алаң қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысында отбасы институтын нығайту, әке тәрбиесінің қоғамдық маңызын арттыру және жауапты әкелік мәдениетті дамыту бағытындағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде