jasqazaq.kz

Таразда депутатты ұрып кетті

14 мамыр 2025, 10:27

Әлеуметтік желіде Таразда Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полицейлер ұрып-соғу фактісін растады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар тұлға анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — делінген полицияның хабарламасында.

Айта кетейік, Нұрлан Байғазиев 28 сәуірде Алматы облысындағы полиция қызметкерлерінің 17 жастағы қызға қызметтік көлікпен Саяхатқа дейін апарып тастауға ұсынғанын видеоға түсірген болатын. Бейнежазбада ол қызметкерлердің заң бұзушылықтарын көрсетті. Қызметтік тексеруден кейін кінәлі полицейлер жұмыстан босатылды.

Сурет: facebook/Нуреке Алтынбекович
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі