jasqazaq.kz

Таразда бір оқушы «Көк кит» ойынын ойнаған

07 ақпан 2017, 14:07

Жамбыл облысында 8 сынып оқушысы «Көк кит» деген өлім ойынының тапсырмаларын орындап жүрген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz өңір прокуратурасына сілтеме жасап. Ол әлеуметтік желілерге жасалған бақылау кезінде табылған.

Бала «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшаның белгісіз әкімшісінің ендігі екі тапсырмасын орындап үлгерген. «Тапсырма қауіпсіз көрінгенімен, белгілі бір әуенді бірнеше сағат бойы тыңдау, қолына киттің суретін салу — еркін бағындыруға, санаға әсер етуге бағытталған, ал кейін осы арқылы өлім культін ұйыту мақсаты бар. Қазіргі уақытта балалармен және ата-аналарымен психологтар жұмыс істеп жатыр, облыс мектептерінде суицидке бейімі бар балаларды анықтау бойынша тест жүргізіліп жатыр. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Мұның алдында ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде тарап жаүрген «өлім ойындарына» қарсы жүргізіліп жатқан шаралар жайында айтып берген болатын.

«Соңғы кездері әлеуметтік желілерде суицидті насихаттайтын «Көк кит», «Тихий дом» топтары тарап жатыр. Ойынға кірген балалар тапсырмалар орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Сонымен қатар, ойын модераторлары ойыншы туралы мәліметтерді біліп отырады. Осы әрекет бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 6-бөлігі («Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу») тергеу жүргізіледі», — деген еді Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Еске салайық, «Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын «Көк кит» (Тихий дом») деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды.

Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін ескертеді. ВКонтакте желісінде «Көк кит» және «Тихий дом» топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде