jasqazaq.kz

Таразда «балық қыз» атанған сырқат қыз елден көмек сұрады

08 маусым 2017, 22:00

Сирек кеселге шалдыққан қыз өмір үшін күресуде! Тараздық 6 жасар бүлдіршін миллионның бірінде болатын ихтиоз дертімен ауырады. Қазір бүкіл денесі қабыршықтанып, үгітіліп жатыр. Бұл аздай, «балық қыздың» мойнындағы бездері ісіп, әбден жанын қинауда. Ал оның онкологиялық ауруға ұласып кету қаупі бар. Қамкөңіл ананың бар тілегі қызын білікті мамандарға көрсету. Тек оны жалғызбасты келіншектің қалтасы көтермейді.

Зилан 6 жыл бұрын сап-сау отбасында дүниеге келген. Бірақ, туа салысымен оған ихтиоз дерті жабысыпты. Өте сирек кездесетін аурудың кесірінен денесі үнемі осылай қабыршықтанып жүреді. Ал, ол қышығанда, бүлдіршін жанын қоярға жер таппайды.Қабыршықтар үнемі үгітіліп түсетіндіктен, бүлдіршіннің терісі тым нәзік. Бірдеңе тиіп кетсе болды, көгеріп, жара пайда болады. Сондықтан, оған үнемі күтім керек. Ал, Зиланның жалғыз анасы ғана бар.

Фатима Махмудова, Зиланның анасы:

-Далаға шықсақ, ел-жұрт үрки қарайды. Әсіресе, балалар қолмен нұсқап көрсетеді. Мұның өзі психологиялық тұрғыдан өте қиын.

Бұл аздай, 3 ай бұрын науқастың мойнындағы бездері ісіп кетіпті. Мұның себебін де дәрігерлер сол күйі анықтай алмаған. Ал, туабітті ауруына тек түрлі жақпамай берумен шектеледі.

Фатима Махмудова, Зиланның анасы:

-Бездің неден пайда болғанын ешкім айта алмады. Бармаған жерім жоқ. Дәрігерлер мұндайды бұрын-соңды көрмегенін айтады.

Қазір науқас теріге арналған майларға тәуелді. Оның өзін арнайы тапсырыспен алады. 5 мың теңге тұратын майдың бір қорабы әрі кетсе 10 күнге жетеді.

Фатима еліміздің білікті дәрігерлері тегін қол ұшын созса дейді. Өйткені, шетел асып, ем іздейтін жағдай жоқ. Ана жүрегі баласының сауығып кетеріне сенеді. Бүлдіршіннің өзі де құлан таза айығып, дәрігер болуды армандап жүр.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде