jasqazaq.kz

Таразда әскерге барғысы келмеген жігіт тамырын кеспек болды

26 сәуiр 2025, 23:46

Таразда әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Әлеуметтік желіде мобильді топтың жас жігітті көшеден алып кетпекші болғаны туралы бейнежазба тарады. Ол балағаттап, қаша жөнеледі. Мобильді топ оны қуып жетіп ұстағанда тамырын кесуге әрекет жасаған.
CMN  мәліметінше, Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі Дина Мухаринова оның бұл әрекеті манипуляция екенін айтты.
«Әскерге шақыру кезеңінде мобильді топтар құрылады. Оның құрамында жергілікті атқару органдары, полиция департаменті және әскери басқарма органдары өкілдері кіреді. Мобильді топтың міндеті әскерге шақырылғандардың уақытында келуін қамтамасыз ету.
Ал мына жағдайда жігіт тамырын қасақана кеспекші болды. Ауыр жарақат алған жоқ. Сөйлескен кезде оның әскерге жарамайтыны, тіпті ресми құжаты бар екені белгілі болды. Бірақ не үшін осындай агрессия көрсеткені түсініксіз», — деді Мұхаринова.
Оның айтуынша, жігіттің әскерге жарамсыз екені мұқият тексеріледі.

JQ-Aqparat

Сурет: видеодан кадр

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі