jasqazaq.kz

Таныс-туысын тақырға отырғызды

09 тамыз 2023, 11:08

Шымкентте таныстары мен туыстарын 340 млн теңгеге сан соқтырған қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Бұл туралы Polisia.kz. мәлім етті. Шымкент полициясына ұқсас мазмұнды арыз-шағыммен 235 адам жүгінді.

Олар жалған тендермен айналысатын алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Жәбірленушілердің сөзінше, өз таныстары “тендермен айналысатын бастығына” көмек қажеттігін алға тартып, несие рәсімдеуге үгіттеген. Жасаған жақсылығы үшін тиесілі үлесін беруге және банк алдындағы қарызды толық өтеуге уәде еткен. Көбінесе олар несиені тауарлай рәсімдетіп, алынған қымбат техниканы қайта сатып, шыққан соманың 10-12% пайызын сыйақы ретінде беріп отырған. Алайда, ай сайынғы төлем уақыты келгенде, күдіктілер қоңырауға жауап бермей, “ізін суытқан”. Нәтижесінде несие өсімі көбейіп, азаматтар қарызға белшесінен батқан. 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың құрбандары Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Аталған жайтты тергеушілер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Белгілі болғандай, алаяқтар тобы 23-43 жас аралығындағы, 4 әйел және 7 ер адамнан тұрған. Оның ішінде екі банк менеджері бар. Олардың әрқайсысының өз міндеттері болған: кейбірі несие алатын адамдарды табумен, тағы екеуі оны рәсімдеумен, қалғандары сатып алынған тауарларды алып-сатумен айналысқан. Келтірілген жалпы шығын көлемі 340 млн теңгеге жуық. Арызданушылар әртүрлі банктерден 250 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін қарыз алған. Тәртіп сақшылары жинақталған іс-құжаттарды айыптау актісімен сотқа жолдады. Айыпталушылардың әрқайсысы жасаған қылмысы үшін 5 жылға дейін сотталды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста