jasqazaq.kz

Танымдық тарихи экскурсия

31 мамыр 2023, 13:37

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі «Даналық» жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне экскурсия ұйымдастырды.

Бұған дейін болашақ дәрігерлер «Берлин-Сочи-Астана» ресейлік-қазақстандық форсайт ойынына қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болған еді. Бұл саяхат бір жағынан жасөспірімдерді ынталандыру мақсатында, екінші жағынан еліміздің өткен тарихын тереңірек танып-білулері үшін ұйымдастырылды.


Мемориалдық кешенді аралау барысында балалар Қазақстанда 1921-1954 жылдар аралығында 103 мың адамның репрессияға ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылғаны туралы естіп білді. Ал, «АЛЖИР» әйелдер түрмесінде негзінен қазақ ұлтының қаймағы — көрнекті ғылым, мәдениет, саясат қайраткерлерінің жұбайлары отырғаны белгілі.
Олардың тәлкекке ұшыраған тағдырлары туралы әңгімелерді тыңдап, сол кезгі лагерьдің қатал тәртібін өз көздерімен көргендей болған студенттер бұл сапардан ерекше әсер алып қайтты.

Абзал Ибрагим

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі