jasqazaq.kz

Танымал биші қоқыс теріп жүр (Видео)

16 наурыз 2017, 11:10

Қазір ол – масаң күйде Алматыдағы 11-ші ықшамауданда күл-қоқыс ақтарып жүр. Жанына жолап кетсеңіз, арақтың сасық иісі қолқаңызды жарады.

Ол – Низам Кәрімов еді. Осыдан 8-9 жыл бұрын Мәскеудегі ататы «Тодес» шоу-балет тобының талантты солисі болған. Балет бишілерінің ішіндегі ең мықтысы, хас шебердің өзі еді. Мәскеуде тұрып, «Тодесте» 12 жыл билеген қазақ жігіті ресейлік шоу-бизнес өкілдерімен жақын танысып, аралас-құралас болған. Шоу-балеттің арқасында талай елде болып, мұхит-құрлықтарды түгел шарлаған еді.

Низам Кәрімов – Қарақалпақстанның музыкалық училищесін бітіріп, Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрына келген. Асқан талантының арқасында «Тодес» шоу-балетіннен бірақ шықты. Батырхан Шүкенов, Кристина Орбакайте, Сосо Павлиашвилилердің досы болған.

https://www.youtube.com/watch?v=V55WBl1r0_g&feature=youtu.be

365info.kz сайтының хабарлауынша бұрын Низам Алматыда тұратын отбасымен жылына екі-үш рет қана кездесетін. 12 жыл бойғы концерттік сапарлардан шаршаған Низам 8 жыл бұрын Алматыға келіп, заманауи хореографияны дамыту мақсатында жеке би студиясын құрған еді.

Телеарналардың бірінде би жобасын жүзеге асырмақ болыпты. Бірақ би студиясын ашқан соң аздап ішімдік ұрттаудан бастап, кейіннен әбден салынып ішетін болған. Студияға ішімдік ішіп келіп, дәріс алатын балалардың ата-аналары наразылық білдіріп, ақыры жабылып тынған еді.

Кезінде есімі дүркіреп тұрған талантты биші бүгін аянышты халде. Соңғы алты жыл ішінде Низам Кәрімов үй-күйі жоқ, көше қаңғыбасына айналған. Қаланың 11, 10, 9-шы ықшамаудандарында қоқыс ақтарып жүреді. Әйелінен әлдеқашан ажырасып кеткен. Үй-жайын, қымбат көліктерін әйелі мен енесі соттасып, тартып алған. Туыстары, таныстары араласпайды.

— Би студиясын ашайын деп жүрмін, тек бастау қажет. Елдің бәрі мені алдап кетеді. Егер бастап кетсем, ішуді қояр едім. «Главное стартануть». Мен алқаш емеспін ғой, білесің ғой, — дейді.
Суретке түсірейін деп едім, Низам өзінің би нақышындағы бір қозғалысты салғысы келді. Бірақ соңғы 6 жыл үзбей ішкен арақтың кесірінен буындары қатайып, баяғы сәнінен айырылып қалғаны байқалады.

Көмектескім келіп, Низамның Дима есімді жерлес досына хабарласқам. Ол қалада кәсіпкер. Кездесу барысында Низамға бірнеше рет ампула тігу, ине шаншу, дәрілер, құлыптау-кодированиенің барлығын жасатқанын айтты.

«Бірақ ол бәрібір ішіп кете береді. Мен оған сенбеймін. Оған бекер уақыт жоғалтасыз. Оған өзінен басқа ешкім көмектесе алмайды»,
— деді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді