jasqazaq.kz

Танымал «Алтынай» әні кімге арналғанын білесіз бе?

03 тамыз 2023, 11:20

Бұл туралы әннің авторы Ханбибі Есенқараева отандық бағдарламада айтты. «Алтынай» әнінің шығу тарихы белгілі болды. Көпшілік Алтынай есімді арудың кім екенін осыған дейін жиі сұрастырған екен. Бұл ән қырғыз қызына арналғаны туралы айтылған. Ханбибі Есенқараева көзімен көрген іскер арумен қалай танысып, қалай ән арнағанын баяндап берді.

«1991 жыл. Ош қаласында қырғыз халқының айтулы тұлғаларының бірі – Құрман-жан Датқаның 180 жылдығына арналған үлкен іс-шара өтті. Сол тойға Оңтүстік Қазақстан облысынан екі адам делегат ретінде шақырылдық. Бірі – мен. Екіншісі, облыстық атқару комитетінің хатшысы. Ал шығыс халқынан шыққан, оның үстіне қырғыз бауырларымыз ұлықтаған ханшаның тойы көңілімізге ерекше бір мейрам орнатқандай болды. Жан-жақтан қонақтар келгенде белгілі ғой, оларды әрі-бері алып жүретін бір адамды бекітіп қоятыны. Маған бекітілгені Қырғызстанның арақ-шарап зауытының директоры Алтынай Сүлейменова деген келіншек екен. Өзі басшылық ететін зауытта 10 мыңдай адамды басқарады. Осыдан-ақ оның мықтылығын байқай беру керек шығар. Алтынай тек шенеунік қана емес, жүрегі жұмсақ, көзінен сағынышы төгілген, мейірімді, ба¬уырмал, сондай бір әдемі жан болып көрінді маған. Ошта 3-4 күн болдық.

Бір-бірімізге бауыр басып қалыппыз, қайтатын кез жетіп, қоштасып жатқанда Алтынайдың көзіне мөлтілдеп жас келіп қалды. Жалпы, біздің табиғатымыздағы жоғалтқан нәрсе¬міз – біреуді жақсы көру, қоштасарда көзге жас алу. Қазіргі заманда сирек кездесетін адами қасиеттер. Содан Шымкентке дейін 12 сағаттай жол жүрдік маши¬намен. Жол бойы Алтынай көз алдымнан кетпеді. Қимас туы¬сы¬м-мен қоштасқандай сезімде келе жаттым. Ыстық та ізгі сезім¬дер¬¬ге толы қимастық өлең¬ жолдарына айналған-ды сол жо¬лы», — деп ақын Хан¬бибі Есенқа¬рае¬ва¬ еске алды.

JQ-Aqparat

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық