jasqazaq.kz

Тамшылатып суару – тапшылықтан құтқарады

31 тамыз 2023, 10:38

Су көздерін тиімді пайдалану, суды үнемдей білу мәселесі елімізде күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің маңыздылығын ұдайы тілге тиек етуде. «Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті, бізге оның алдын алу қажет. Су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керек. Осы жұмыста ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тәжірибені басшылыққа алған абзал» деген-ді ел Президенті.

Еліміз бойынша ауылшауарашылық саласы судың 65 пайызын пайдаланады екен. Мамандар оның 60 пайызға жуығы құмға сіңіп кететінін айтады. Мұндай ысырапшылдық экологиялық апаттарға да ұрындыратыны сөзсіз. «Суару арналарын ауқымды реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды дербес басқаруға көшу, суды есепке алуды автоматтандыру, су ресурстарын пайдалануға квоталарды енгізу жоспарланып отыр. Осы мәселелердің барлығы сапалы нормативтік-құқықтық және заңнамалық қамтамасыз етуді талап етеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзен суларының тең жартысы Қазақстанға сырттан келеді. Шаруа үшін жаз айларында ағын судың маңызы жоғары. Десе де оны үнемді, тиімді пайдалану қажеттілігі туындап тұр. Шымкенттік шаруалар үшін тамшылатып суару әдісінің тиімділігі жиі түсіндірілуде. «Otan Agro» ЖШС-ның директоры Берік Орынтаевтың айтуынша, бұл әдіс суды ғана емес еңбек күшін де үнемдеуге негіз болады.

– Елімізде Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары су тапшы өңірлерге жатады. Президент тапсырмасына сәйкес, су ресурстарын үнемдеу жобасы қолға алынған. Қазір заманауи технологияларды қолдана отырып, егіншілікте судың 50 пайызын үнемдеуге болады. Ең тиімді жолы – тамшылатып суару. Оның да автоматтандырылған және механикалық секілді түрлі тәсілдері бар. Жуырда Қытайдың Сиань қаласына іс-сапарға барған кезде сол қаланың үлкен агро-инновациялық орталығында болдық. Ол жерде «AGRECOM» деген заманауи кәсіпорынның технологиясымен танысып, жақын арада осы компанияның тамшылатып суаратын технологиясын Қазақстанға, оның ішінде Шымкентке әкелуді жоспарлап отырмыз. Су ресурстарын үнемдеу бойынша мемлекет тарапынан өте ауқымды іс-шаралар басталап жатыр. Соның ішінде суды жер серігі арқылы ғарыштан есептеу жұмысы қолға алынған. Нәтижесінде қолдағы бар суды есептеп, оның қажеттілік деңгейі анықталып, су тапшылығы тамшылатып суару арқылы жойылмақ, – дейді Б. Сабитұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры