jasqazaq.kz

Тамара Асар сыйлыққа пәтер алғанын сынағандарға жауап қатты

17 тамыз 2016, 13:53

photo_179040-770x439_c
Танымал әнші Тамара Асар сыйлыққа пәтер алғанын сынағандарға жауап қатты. Ол оқырмандарына қызғаншақтықтан қалай арылғаны туралы айтып берді, – деп хабарлайды nur.kz.

Өмірде де, өнерде өзінің мықтылығымен, қайраттылығымен, солай бола тұра мейірімділігімен ерекшеленетін әншілердің бірі – Тамара қызғаншақтықтан әкесінің арқасында арылғанын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында отбасындағы үлкен қуанышпен бөліскендерге алғысын айта отырып, оларға өміріндегі бір үзік сырын айтты:

“Ауылдағы үй… Әкем төрде, көзінде көзілдірік, газет оқып отыр, анам жыбыр-жыбыр әйтеуір бір нәрсе жасап жүр. Менің ішім күйіп жанып барады. Олар маған мән беріп те отырған жоқ. Мен біресе жүрем, біресе отырамын, мазам жоқ. Шыдай алмай әкеме қарап (әкемді тәте деймін): “Тәте, мен оны қызғанып бара жатырмын, не істеймін?!” дедім көзім жасқа толып… Әкем өте асықпайтын, байыппен қозғалатын адам. Газеттің арғы жағынан бетін көре алмай тұрмын. Жайлап газеттің төмен түсе бастағанын байқадым, жүрегім тарс-тарс. Не айтар екен?! Неге айттым?! Жындымын ба, әкеме осылай айтқаным не?” деген ойлар өлтіріп барады…”, – деп есіне алды әнші.

Тамара әкесінің сол сәтте орынды кеңес айтқанын сөз етті.

“Газет түгелдей төмен түсті, әкем көзілдірігін мұрнының ұшына дейін апарып тіреп қойды да: “Балам, есіңде болсын, қызғаншақтың бір несібесі кем болады, адам қызғанған сайын өз құтын өзі қашырады. Ақылың болса, менің осы айтқаным жайында терең ойлан да, шешімді өзің шығар, сосын мәңгі есіңде сақта” деді… Сонда менің ойыма келгені бір-ақ нәрсе – “бір несібесі кем” демек, мен көп қызғансам, онымен өтетін күндерім кемиді… Себебі қызғаншақ адамның түрінен де, мінезінен де, сөзінен де, өзінен де қаша бастайды сезген адам, деп шештім. Сол күнен бастап менің ішімдегі “қызғаншақтық” деген паразит қайтыс болды… Раxат! Есесіне, мынандай керемет қағидаға келіп маңдайымды тіредім: “не нәрсе болса да (тізімді өздеріңіз жасай беріңіз) менікі, маған ғана бұйырады”. Себебі ол жаратқаннан келген жарлық…”, – деп түйді Тамара.

Сөз соңында, әнші өзін көп мақтана бермейтін адамдардың қатарынан екенін, дегенмен де арасында болатын ірі қуаныштарымен бөлісіп тұруға қолданушылардан рұқсат сұрады.

“Пендеге сыйлық – Алладан келетін несібе, келесі бір себепші пендесі арқылы. Сондықтан құттықтаған жандарға да, жаныма тиетін реніш сөз жазған жандарға да сондай сыйлықты нәсіп етсін”, – деп тілек айтты әнші.

Қолданушылар оның мәнді, салмақты, өнегелі ойларын үнемі күтіп жүретінін айтып, әншіге алғыс білдірді.

Еске салсақ, жақында Тамара Асарға Маңғыстау облысының әкімі пәтер сыйлағанын хабарлаған болатынбыз. Әншінің бұл сүйінші хабары кей тұрғындардың көңілінен шықпай қалған. Олар пәтерді жағдайы төмен отбасыларға сыйлау керек еді деген сынды пікірлерін алға тартқан болатын.

juldizdar.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде