jasqazaq.kz

«Талтүс» күй жинағының тұсаукесері өтеді

12 мамыр 2016, 12:02

 

Таласбек Асемкулов14 мамырда Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада күйші, жазушы, өнер зерттеушісі, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» күй жинағының тұсаукесері өтеді.

Таласбек Әсемқұлов (1955-2014) – күйші, жазушы, зертттеуші, кинодраматург. Байжігіт күйшінің (18 ғ.) мұрасын, Кет-Бұға (13 ғ.), Қотан-тайшы (13 ғ.), Тәттімбет (19 ғ.), Жүнісбай Стамбаевтың ұмытылған күйлерін біздің заманға жеткізген домбырашы. CD-альбомға 73 күй енді. Байжігіт пен Тәттімбет күйлерімен қатар, бұрын-соңды жарық көрмеген Қотан тайшы, Қасабай, Қызылмойын Қуандық, Ақай қажы, Аққыз, Жүнісбай Стамбаевтардың күйлері және Таласбек Әсемқұловтың өзі шығарған 8 күйі топтастырылған.

Жаңадан жарияланатын күйлер Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының фольклор зертханасынан (жетекші  Саида Дәукеева), Таласбек Әсемқұловтың, Сәуле және Гсавье Аллестер (Франция), Мүслім Әмзе, Бақтияр Аманжолдың жеке мұрағаттарынан алынған. Жинаққа Таласбектің нағашы атасы, ұстазы Жүнісбай Стамбаевтың 1965  жылғы аудиожазбасы  енген. Жүнісбай Стамбаев (1891-1973, Айғыз, ШҚО) екі романның бас кейіпкерінің прототипы: М. Мағауиннің «Көкбалақ» романындағы Тоқсаба  және Т. Әсемқұловтың «Талтүс» романындағы Сабыт. Жазба 2015 жылы Санкт-Петербургте қалыпқа келтірілген. Жүнісбай күйшінің бұрын белгілі болған «Қоңыр қаз» күйіне тағы 6 күй қосылып отыр, жиыны 7 күй. Тұсаукесердің құрметіне марқұмның ізбасар шәкірттері, домбырашылар Сәрсенғали Жүзбаев, Қайрат Айтбаев, Рүстем Нүркенов, Айтолқын Тоқтаған, Ақжусан Иманғазықызы және қобызшы Ақнар Шәріпбаева ұйымдастырған концерт өтеді. Концертті ақын Ербол Алшынбай жүргізеді.

 

Төлен Тілеубай

Астана

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде