jasqazaq.kz

Талғат Жорабаев: Бұрынғы жездем сәлемімді алмайды

20 қараша 2023, 11:51

Әнші Талғат Жорабаев әпкесі Алтынай Жорабаеваның бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы туралы “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасында айтты. Әншіні алғаш сахнаға шығарып, продюсері болған – экс-жездесі. “Алтынай үнемі қыздарын әкелеріне жіберіп тұрады. Үлкен ағаларымен де араласады. Әпкем екеуміз ғана сахнада жүргесін жанында басқа бауырларынан гөрі мен көбірек болдым. Бұрынғы жездемізді ешқашанда жамандаған емес. Қыздарды да ешқашан қарсы қойған емес. “Барып тұрыңдар, денсаулық жағдайын біліп тұрыңдар. Қандай да болса әкелерің” деп айтқанын бірнеше мәрте өз құлағыммен естідім”, – дейді әнші.

Талғаттың айтуынша, экс-жездесімен көрген жерде сәлемі түзу екен.

“Бір салада болғасын көрген жерде үнемі амандасамын. Ешқашан арқамды беріп, теріс отырған емеспін. Амандасқанда қол бермей, сәлемімді алмаған күндері де болды. Мен оған ренжімеймін. Ол адамның болмысы мен санасындағы дүние. Барынша кішіпейіл болуға тырысамын. Ата-анамның берген тәрбиесі де алдымен үлкенді сыйлау болатын. Сондықтан тәрбиемнен аттап кетіп, ол кісіні көрген жерде үндемей отыра алмаймын. Бірақ етене араласып, кішкентайлы болғанымен құттықтап, бірге шай ішпеймін, – дейді өнер иесі. Сонымен қатар әнші қазіргі жездесі Әлішер туралы да айтып өтті. “Әлеуметтік желіге маған Алтынайдың машина сыйлап жатқан видеосы таралып кеткен болатын. Сол жездемнің сыйлығы екен. Оны маған кейін айтты. Жездем де жаяу жүрмеуің керек деп айтып жүргенде, “Өзім-ақ аламын, маған әпермей-ақ қойыңыз” дейтін едім, бір күнде көлікті болдым. Жездеммен қарым-қатынасым өте жақсы. Ол кісінің әпкеме қосылуын ерлік деп санаймын. Бұрын үйленбеген еркектің төрт баласы бар әйелді алу – ерлікпен пара-пар. Сол үшін жездемді қатты сыйлап, құрметтеймін. Ел арасында “Жаңа күйеуі Алтынайдың үйіне кіріп алыпты” деген өсек бар. Мұның бәрі – қауесет, сенбеңіздер! Әпкеміздің артында тұрып түгел жағдайын жасап отыр. Ең бастысы әпкемізбен тату-тәтті өмір сүріп, жақында дүниеге келетін сәбиімен қауышуды жазсын”, – дейді әнші.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры