jasqazaq.kz

Талғат Бигелдиновтің құрметіне марафон өтеді (Видео)

03 тамыз 2023, 21:05

Биылғы жылдың 5 тамызында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, шабуылдаушы-ұшқыш Талғат Бигелдиновтің туғанына 101 жыл толады. Осы датаға орай ҚР Қорғаныс министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы даңқты жерлесіміздің құрметіне 19 тамыз күні Астана қаласының Триатлон паркінде «101 жыл – 10.1. шақырым» атты марафон өткізуді жоспарлап отыр. Оған кәсіби марафоншылармен бірге әуесқой спортшылар да қатыса алады. Себебі ең ұзақ қашықтықтан бөлек әуесқойларға арналған 4 шақырымдық қысқа қашықтық пен қатысушылардың жас шамалары да ескерілген.
Жарыс басталмай тұрып ҚР Қарулы Күштерінің түрлері мен тектерінің жауынгерлері өз туларын асқақтата, Триатлон паркі арқылы бір айналымды жүгіріп өтеді. Бұл күн қазақстандық әскери ұшқыштар үшін қос мереке болып табылады. ҚР Әскер Әуе күштерінің 25 жылдығы батырдың туған күнімен тұспа тұс келіп отыр.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «101 жыл – 10,1 шақырым» марафоны отансүйгіштік мәні бар игі шара болатынына және оған көпшіліктің бар ынтасымен қатысатынына сенімдіміз. Бұл даңқты қазақ батырына ғана емес, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен әрбір боздаққа көрсетілген құрмет екені даусыз.
Марафон барысында қалалық шығармашылық ұжымдармен қатар ҚР Қорғаныс министрлігінің, ІІМ Ұлтық ұланның әскери ансамбльдері өнер көрсетіп, құрметті қарауыл ротасының жеке құрамы өздерінің кәсіби шеберліктерін паш етпек. Жеңімпаздар батыр атындағы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі