jasqazaq.kz

Талғардағы изолятордан қашып кеткен күдікті ұсталды

25 қазан 2024, 9:47

Алматы облысында Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тереңқара ауылының шетінде 21 қазан күні уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды.

«Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты. Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады, — делінген хабарламада.

Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді. «, — деді полиция өкілдері.

JQ-Aqparat

Сурет: instagram.com/police_almobl

 

 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі