jasqazaq.kz

Талғар қаласындағы төбелестен бір адам көз жұмды (Видео)

04 қазан 2024, 15:47

Алматы облысы Талғар қаласында түнгі уақытта төбелес болып, салдарынан бір адам мерт болды. Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер арасында жанжал туындаған. Кикілжің қарулы қақтығысқа ұласып, салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

– Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушысы ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болады, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ облыстық ПД тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайтынын ескертті.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі