jasqazaq.kz

Талғар ауданы полиция басқармасындағы лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

07 қыркүйек 2025, 16:02

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданы полиция басқармасындағы лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі фактісі бойынша (ҚК 370-бабы 4-бөлігі) қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды jasqazaq.kz
Облыстық прокуратура мәлімдегендей, олардың тарапынан зорлау жасады деген күдіктіні ұстау және қажетті шаралар қабылдау бойынша әрекет жасалмаған. Сонвң нәтижесінде күдікті Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қыз баланы ұрлаған.
Аталған қылмыстық іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.
Прокуратура жалған ақпарат таратқаны үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
JQ-Aqparat

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті