jasqazaq.kz

Талдықорғанда жастар төбелесі қайғылы аяқталды

26 маусым 2025, 13:51


Талдықорғанда жастар арасындағы жанжал кезінде 2003 жылғы жігіт қарсыласын пышақтаған.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 25 маусым күні Шығыс шағын ауданында болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада бірнеше жасөспірімнің төбелесіп жатқан сәті көрінеді. Жанжал кезінде 2003 жылы туған азамат қарсыласына пышақ сұғып, салдарынан бір жігіт оқиға орнында көз жұмған.

— Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады полициядан.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы