jasqazaq.kz

Талдықорғанда полицейлер интернетке салынған видео үшін жергілікті тұрғынды сотқа берді

06 қазан 2016, 3:43

vvv

Талдықорғанда облыстық полиция қалалық жүргізушілер одағының төрағасымен соттасып жатыр. Дау әлеуметтік желіде жарияланған жазбадан басталған.
Елдерхан Шұратбаев өзінің ғаламтордағы парақшасына самсахана жанында тұрған тәртіп сақшыларының видеосын салып, оларды мысқылдайтын жазба қалдырған. Бұған шамданған полицейлер әй-шайға қарамай, сотқа арыз жазды.

“Құқық қорғау қызметі” туралы Заңның 17-бабында ішкі істер қызметкерлеріне кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынған. Сондықтан Шұратбаев ақпараттық желі арқылы бөтен тұлғаның ар-намысы мен беделіне нұқсан келтірді”, – дейді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Бауыржан Сүлейменов.

Шұратбаевтың сондағы жазғаны мынау: “Назар аударыңыздар! Қапшағайда самса мен сексеуіл сататын жаңа автокафе ашылды. Көлік жол-патрульдік полиция секілді безендіріліп, қызметкерлері де полиция секілді киінген. Қолдарындағы радармен көліктегі адамдардың қарны аш келе жатқанын біледі. Керемет! Алматы облысының полицейлері, жарайсыңдар!” делінген.

Дәл осы жазбасы үшін Шұратбаевтың үстінен бұған дейін 2 сержант шағымданған болатын. Бірақ сот екеуін де қанағаттандырмай тастады. Енді мәселеге облыстық департаменттің өзі кірісіп жатыр. Алайда жол полицейлерінің неліктен самсахананың жанында тұрып жұмыс істегенін түсіндіріп бере алмады. Сот отырысы әлі де жалғасатын болады.

“Елдархан Шұратбаевтың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп санаймыз. Өйткені, 130-бапта қылмыс нысаны азаматтың жеке тұлғасы, құқықтары мен міндеттері деп көрсетілген. Яғни бұл бап бойынша жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар қарастырылуы керек. Ал шағым түсіруші жеке тұлға емес, заңды тұлға”, – деді Шұратбаевтың адвокаты Есенбол Мамырқанов.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде