jasqazaq.kz

Талантты жастарға қанат қақтырар қор

29 мамыр 2017, 15:58

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев меморандумға қол қойды. Қордың атқарушы директоры сондай-ақ, №1 облыстық арнайы коррекциялық мектепке «Монтессори кабинеті» кешенін сатып алуға сертификат тапсырды.

Облыс  басшысы Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ  сияқты қазақтың саңлақ өнер тұлғалары шыққан астаналық облыста талантты жастардың қанаттануына қолдау көрсетіп келе жатқан Тұңғыш Президент қорының атқарып отырған жұмыстарына ризашылығын білдіре отырып, табыс тіледі. Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев өз кезегінде облыстағы жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында болып, кездесулер өткізгендігін, талантты жастардың көптігін айтып, қордың қаржылық мүмкіндіктері шеңберінде қолдау көрсететіндіктерін атап өтті. Қор отандық ғылым және ақпарат технологияларын дамытуға өз үлестерін қосқысы келетін талантты жастарға арналған «Smart  Zholy»,  «Science Slam», «Ғылым» фестивалі» жобаларын жүзеге асыруда. Биылғы жылдың өзінде қор сексеннен астам іс-шараны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Екі жақты меморандумға қол қойылғаннан кейін қордың атқарушы директоры облыс әкіміне Елбасының кітабын сыйға тартты, ал, облыс басшысы өз кезегінде Бурабайдың көркем табиғаты бейнеленген картина сыйлады. Тұңғыш  Президент қорымен жасалған меморандум барысында облысымыздың талантты жастарын қолдау бағытында жақсы жұмыстар атқарылады деген сенім бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде