jasqazaq.kz

Такси тарифіндегі рекорд: әуежайдан Марков көшесіне дейін 400 еуро алған

16 мамыр 2023, 16:38

Алматыда шетел азаматын әуежайдан Марков көшесіне дейін 400 еуроға жеткізген такси жүргізушісі жазаланды.
3 мамыр күні Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне 30 жастағы Ресей Федерациясының азаматы арызданған.
Ол әуежайдан Марков көшесіне дейін 400 еуроға (шамамен 200 мың теңге) жеткізген такси жүргізушісіне шара қолдануды сұрады.
«Жедел-іздестіру шарасы барысында арызданушыны діттеген жеріне жеткізген «Мерседес-Бенц» көлігінің иесі 27 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін мойындап, азамат Кулаковқа ақшаны толығымен қайтарып берді», — деп хабарлады көліктегі полиция департаментінен.
Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
15 мамыр күні Алматы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 21 150 теңге айыппұл салынды.
Азамат Кулаков көлік полициясы қызметкерлеріне алғысын айтты.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі