jasqazaq.kz

«Тәй-тәй»: мысықтың тұсауын кескен екі бойжеткен қоғамның ашуына тиді (Видео)

07 қазан 2024, 11:45

Журналист Тельман Бейсен әлеуметтік желідегі парақшасына мысықтың тұсауын кесіп жатқан екі бойжеткеннің видеосын жүктеді.

Журналистің айтуынша, олар салт-дәстүрімізді аяққа таптап, мазақ етіп отыр. Сондықтан, Тельман Бейсен жазғандай, салтымызды сақтайтын қатаң заң керек.

«Соңғы кезде елімізде ата-бабадан қалған салт-дәстүрімізді қорлаудың түр-түрі көбейіп кетті. Әлеуметтік желілерде ұлттың намысына тиетін небір құйтырқы, арсыз дүниелер қаптап жүр. Әзіл-қалжың дегеннің жөн-жосығы, шегі бар емес пе? Хайп қуғандар тым артық кетіп барады», — дейді журналист.

Бұл ретте автор тойда да сан түрлі ойын ойнатып, жұрттың күлкісі үшін арсыздыққа баратын тамадалар көбейген.

«Мұны тоқтатпасақ болмайды. Ең құрығанда, басты деген ұлттық құндылықтарымыздың атын атап, түсін түстейтін заң қабылдап, қатаң назарда ұстамасақ, мұның арты жақсылыққа апармасы анық», — дейді ол.

Ал, бейнежазбада мысықтың аяғына ала жіп байлап, артына «Тұсаукесер» әнін қосып қойып, үй жануарының тұсауын кескен екі бойжеткен оны тәй-тәйлап, алдына үш түрлі зат қойып қойған.

 

Azattyq Rýhy.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі