jasqazaq.kz

Тахирбек Нишанбаев: Мақсатымыз ортақ – бірлік пен ынтымақ

16 сәуiр 2024, 14:47

Елімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда этномәдени бірлестіктердің маңызы зор. Игі іске Шымкенттегі 17 этномәдени бірлестік те өз үлесін қосып келеді. Шымкент қаласындағы «Өзбек этномәдени қоғамы» бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев jasqazaq.kz тілшісіне шаһардағы этномәдени бірлестіктердің тыныс-тіршілігі жайында айтып берді.

-Тахирбек Фархадұлы, Шымкент қаласы «Өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі қаладағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қандай үлес қосып жатыр?

— Біз Шымкенттегі Өзбек этномәдени бірлестігі қаламыздағы өзге де мәдени бірлестік өкілдерімен тығыз қарым-қатынастамыз. Одан бөлек, біздің арнайы жыл сайын өтетін «Асари» фестиваліміз бар. Фестивальге мәдениет өкілдеріміз бен өнер жұлдыздарымыздың барлығы белсене қатысады. Атаулы шарада өзіміздің ұлттық билерімізді билеп, ұлттық әндерімізді шырқаймыз. Сонымен бірге жыл сайын қала тұрғындары мен қонақтары асыға күтетін «Палау» фестивалі өтеді. «Өзбек тілінің» мәдени күндері ұйымдастырылады. Ал еліміздегі басты мерекелік іс-шараларға қаладағы барлық этномәдени бірлестіктер белсене атсалысады. Біз өзбек этномәдени бірлестігі де қаламыздағы мәдениетті, руханиятты дамытуға барынша үлес қосудамыз. Негізгі мақсатымыз — ұлтаралық татулықты сақтай отырып, еліміздің дамуына, болашағымыздың жарқын болуына атсалысу. Титтей де болса өз үлесімізді қосу. Қазіргі алмағайып заманда ең бастысы — татулық, бірлік, ынтымақтың беріктігі.

— Қаладағы этномәдени бірлестіктер бір-бірімен етене араласа ма? Қандай мәдени іс-шараларды бірге өткізесіздер?

— Жоғарыда айтып өттім, Шымкент қаласы бойынша 17 этномәдени бірлестік бар. Сондай-ақ әр бірлестікте жастар ұйымы, ақсақалдар кеңесі мен аналар кеңесі жұмыс істейді. Осы ұйымдардың барлығына ортақ бір мақсат бар. Ол — бір-біріміздің дінімізге, тілімізге, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге үлкен құрметпен қарап, бірлігімізді сақтау.

— Еліміздегі этномәдени бірлестіктерді бір арнаға тоғыстырып отырған Қазақстан Халқы ассамблеясы бар. Ассамблеяның жұмысын әрмен қарай нығайтып, өрістету үшін не істеуіміз керек?

— Әрине, Ассамблеяның маңызы зор біз үшін. Өздеріңіз білесіздер, біз көп ұлтты мемлекетпіз. Бірақ біз бір-бірімізді алаламай, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Ассамблеяның көздегені де еліміздегі бірлік пен ынтымақтың сақталуы. Ең алдымен біз өз елімізде, өз жерімізде тату болуымыз керек. Көп ұлтты еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайта отырып, алға қарай нық сеніммен қадам басуымыз керек.

Сұхбаттасқан Әлима Әлмерек,
Шымкент

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі