jasqazaq.kz

«Таблиғи Жамағаттың» 14 жақтасы сотталды

26 қыркүйек 2016, 23:38

33_10

Ағымдағы жылдың басынан Қазақстанда «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының 14 жақтасы сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына орай ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті.
«Әдетте, экстремистік топтың қатарына қосылу жасақтаушы тарабынан кандидаттарды идеологиялық «тазалау» арқылы жүзеге асырылады. Олар бастапқы кезеңде өз қызметтері туралы шынайы ақпараттарды жасырын ұстайды», — деп хабарлады ҚР ҰҚК-ден.
Сонымен қатар комитет Қазақстанның екі азаматының Пәкістан миграциялық қызметі тарабынан ұсталғандығын растады. ҰҚК мәліметтеріне сәйкес, олар 10 қыркүйек күні тұтқынға алынып, 13 қыркүйекте бостандыққа жіберілген.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандықтар Гужрат қаласында визалық режімді бұзғаны үшін ұсталды. Олар «ТабдиғМарказы» (Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйым жақтастарының оқу орны) семинарында оқып жүрген.
Екі қазақстандықтан басқа, Пәкістанда Суданнан алты азамат, Қытайдан бес, Индонезиядан төрт, Тайланд, Филиппин, Чададан екі-екіден, Малайзиядан бір азамат тұтқынға алынды.

serke.org

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде