jasqazaq.kz

Тағы бір отандасымыз Мәскеуде құлдықтан босатылды

01 ақпан 2017, 13:31


Қазақстандық дипломаттар азық-түлік дүкенінен тағы бір Қазақстан азаматын босатып алды, ол – Шымкент тұрғыны Ертай Ережепов. Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінен жәбірленушінің анасы көмек сұраған, – деп хабарлайды caravan.kz.

Жұмыс іздедім Жүк тасушы қызметі туралы хабарландыруды Ертай Ережепов жергілікті газеттен тауып алады. Хабарландыруда көрсетілген телефонға хабарласып, Ертай Саратовта жұмыс істеу керектігін біледі.

«Қарасам жұмыс орны бар екен: «Жүк тасушы керек» деп тұр. Хабарластым. Тұтқаны бір қыз көтерді. Онымен сөйлессем, «осындай бір жұмыс бар, бірақ Қазақстанда емес, Ресейде, Саратов қаласында. Жүк тасушы» дейді. Мен жарайды, кездесейік дедім. Кездестік. Ол: «Дүкен әпкемдікі, күйеуі де сонда, қазақтар, қорықпа! Өзіміздің шымкенттіктер!» — деді. Мен келістім. Сеніп қалдым», — дейді Ертай Ережепов телеарнаға. Жігітпен әңгімелескен қыз – азық-түлік дүкені иесінің туысы. Ол Ертайға Мәскеуге дейін билет алып беріп, әуежайға шығарып салады. Мәскеуден Саратов қаласына өзі жетуге тиіс болатын, алайда мәскеулік әуежайда дүкен иесі Жансұлу Истанбекованың күйеуі күтіп алады. Ол жігітті Гольяново ауданындағы дүкенге алып барып, құжаттары мен телефонын тартып алады.

Қазақстандық он күннен соң ғана қашып шыға алды, ол бір апта бойы Мәскеу соборлық мешітінде тұрған. Жансұлу Истанбековадан Ертайдың төлқұжатын қайтарып алуға мешітте тұратын мықты жігіттер көмектескен. Ережеповтің айтуынша, ол Қазақстан елшілігіне барғанымен, ешқандай көмек болмапты. Алайда сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарады.

«Азаматтың өтінішінен соң біздің дипломаттар көрсетілген дүкенге барып, психологиялық қысым көрсету арқылы Ережеповтің құжаттарын қайтарып алады да, өзіне ұстады. Бұдан бөлек, Қазақстанға қайтуға қаражаты болмағандықтан, дипломаттар жігітке пойызбен отанына оралуға көмектескен», — деп түсіндірді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде