jasqazaq.kz

Тағы 45 спортшы допинг дауына ілікті

24 шiлде 2016, 17:15

20160522212901

Бейжің мен Лондонға барған тағы 45 спортшы допинг қолданғаны белгілі болды. Бұл туралы мәліметті Халықаралық Олимпиада комитеті таратты.
Аталған мәліметке сүйенсек, Бейжің мен Лондон олимпиадаларына қатысқан спортшылардың допинг сынамаларын қайта тексерген кезде 45 спортшының қанынан тыйым салынған препарат белгілері табылған. ХОК спортшылардың аты-жөндері мен елдерін жарияламай отыр. Бірақ олардың 30-ы Бейжіңге 8 елдің атынан барған, 15-і Лондонға 9 елдің атынан барған спортшылар екені айтылады. Бұлардың ішінде 23 адам — Бейжің олимпиадасында жүлдегер атанған спортшылар.
ХОК ақпаратына сүйенсек, бірінші және екінші тексеру кезінде 1243 сынама тексерілгенін, алдағы уақытта әлі екі тексеру жұмыстары бар екені айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон Олимпиадалары кезінде, ал Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедова үшеуі соңғы Олимпиадада допинг қолданды деп, жарыстардан шеттеткен болатын. Бұл аты аталған спортшылар биылғы Рио олимпиадасына қатыспайды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде