
Актер Тұңғышбай Жаманқұловтың «Феникс» фильміне бөлінген мемлекет ақшасын жымқырғанын өз аузымен мойындаған видеосы жарияланды.
Ол орыс тілінде былай дейді:
«Да, я признаю свою вину. Хочу дать признательные показания и оказать содействие следствию. Это решение я принял добровольно, раскаиваюсь и готов возместить ущерб».
Қазақшаласақ, «Кінәмді мойындаймын, өз еркіммен бәрін мойындап, тергеуге көмектескім келеді. Келтірген шығынымды өтеуге дайынмын», деген.
«Мен фильмнің атқарушы продюсері Юдинаға 5-6 млн теңгені қолма-қол ақшамен әкелуді тапсырдым, ақшаны не мақсатпен алатынымды оған айтпадым. Мен ол ақшаны үйіме ремонт жасауға жұмсамақ болдым», деді актер сотта.
365info.kz хабарлағандай, Наталья Юдина алдымен 3 млн теңге беріпті, ол ақша жетпей қалып, Жаманқұлов тағы 2 млн 300 мың теңге алдыртқан екен.
https://www.youtube.com/watch?v=KwcgIaQRdiY&feature=youtu.be