jasqazaq.kz

Тәуекелмен киноға түскен қырғыз актері күллі Лос-Анджелесті күлкіге қарық қылды (видео)

24 наурыз 2017, 1:27

Осыдан бірнеше уақыт бұрын көрерменге жол тартқан «Анамды іздеймін» («В поисках мамы» — ред.) фильмінде танымал актер Тәуекел Мүсіліммен бірге басты рөлді сомдаған қырғызстандық жас актер Азамат Ұланов күллі Лос-Анджелесті күлкіге қарық қылды.

Аталмыш фильмнің түсірілімінен тыс уақытта Лос-Анджелес стадионына футбол көруге барған қос актер естен кетпес оқиғаның куәсі болған. Анығында, Азамат сол оқиғаның «басты кейіпкерін» сомдапты.

Бұл туралы Тәуекел өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Осы сəт əлі есімнен кетпейді. Лос-Анджелесте жүріп, футбол жəне Стивен Джеррардты көруге стадионға бардық. Ойынды күтіп отырмыз, Азамат пен Жеңіс Джеррардты жақынырақ көру үшін стадионның екінші жартысына кетеді. Ал біз болсақ отырған жерімізде қала бердік.

Бір кезде бүкіл стадионның күлген даусы шығады, «не болып қалды» деп артымызға қарасақ үлкен экранда Азамат өз шеберлігін көрсетіп жатыр екен. Сол сəтте стадионда отырғандардың қошеметін көріп, бəріміз (азиаттар) қуаныштан бір марқайып қалдық», — деп жазды ол.

Nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде