
Тәуекел Мүслім фильмдерде қызқұмар жігіттің рөлін сомдаса да, шынайы өмірде тек бір жанды сүйетінін айтып жатыр.
stan.kz хабарлағандай, 2016 жылы “Барлығы жігіттер үшін” атты туындының түсірілімі басталған-ды. Аталған фильмнің монтаж жұмыстары аяқталып, 2 наурыз күні қалың көрерменге ұсынылмақ. Басты рөлді сомдаған Тәуекел Мүслім өзінің қызқұмар еместігін айтып жатыр.
“Мен қызқұмар жігіттің рөлін сомдаймын. Әрине, қиын болды. Өйткені , шынайы өмірде мен мүлдем басқа адаммын. Көбісі мені “қыздарды апта сайын емес, күн сайын ауыстырады”, “Тәуекелге ғашық болатын қыздар көп”, “Ода қызға қатысты проблема жоқ” деп ойлайды. Бір уақыт ішінде бірнеше қызбен кездесе алмаймын. Бір адамды өмір бойы сүйіп өтетін жандардың қатарынанмын. Фильмде Қызқұмар жігіттің рөлін сомдап келіп, бірден өзгеріп салу қиынға соқты”, – дейді ол.