jasqazaq.kz

Төтенше жағдай жариялады

29 шiлде 2016, 13:59

 

20160729131621

 2016 жылы 28 шілдеде нөсерлі жауын салдарынан Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында су тасқыны болып, тұрғындардан тұрғын үйлер, аулалар, шаруашылық құрылыстарды су басқаны туралы хабарлар түсті, – деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.  

Зерттеу қорытындысы бойынша, Ерейментау қаласында 17 аула аумағын су басқаны анықталды, олардың ішінде  5 тұрғын үйдің ішіне су кірген. Су еденнен  5-8 см көтерілген.

Қазіргі уақытта жауын суы су басқан 4 жеке үйдің ішінен шығарылды. 1 үйде суды шығару жұмыстары жалғасып жатыр.

28.07.2016 жылы сағат 9:30 Ерейментау ауданының әкімі Е.Б. Нұғманов жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады. Аудан әкімдігінде жедел штаб құрылды.

Жауын суын ағызу, су айдау арналарын қазу, аулалар мен көшелерге құм төсеу, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша халыққа көмек көрсету үшін жергілікті атқарушы органның коммуналдық қызметтері, ТЖД, жергілікті полиция қызметінен 3 бригада құрылды, 17 бірлік техника, 45 адам тартылды.

Ерейментау қаласы бойынша 2250 текше метр су ағызылды. 650 метр көше, 78 аулаға қиыршық тас төселді. 320 метр су айдау арналары салынды.

Облыстың ТЖД мен Ерейментау ӨЭС қосалқы станса аумағынан 700 текше метр су ағызды. 28.07.16 ж. сағат 8.00-ден 9.30-ға дейін сөндірілген  энергия беру қалпына келтірілді.

Ерейментау стансасының темір жолдарынан су ағызу, айдау жұмыстары жүргізілді, пойыздар қозғалысы тоқтатылған жоқ.

 

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде