jasqazaq.kz

Тұрып келген баспанасын мешітке сыйға тартты

05 маусым 2017, 19:25

«Хазіретті Мұхаммед ﷺ Пайғамбардың «Рамазан айында бір жақсылық жасаған адамға Алла Тағала басқа айларда парыз істі орындағанның сауабын береді. Ал, парызды орындағанға басқа айлардың сауабын жазады» деген мағынадағы хадисі бар. Осындай игі іске жүрегі үйір сайқындық азамат, жеке кәсіпкер Медет Сикенов алғашқы ауызашар кезінде жаңа үйге қоныс аударуына байланысты өзінің құтты шаңырағының кілтін Мешітке табыстады. Бұл тосын сый жамағатты тәнтті етті.

Құр баспананы ғана емес бұрын өздері тұрғанда қолдынып келген барша бұйымдарын да мешіт игілігіне қалдырып кетті. Баспана құжаттары да ресми түрде рәсімделуде. Мешіттің бас имамы Назымбек Иманғалиев:

— Биылғы айлардың сұлтаны үлкен қайырлы іспен бастау алды. Бұрындары осы өңірге қызметке келуге ниетті имамдардың жағдайларын жасай алмай қиналатын едік. Басқа аудан мешіттерінде өзіміздің қасиетті топырақтан шыққан қаншама білімді азаматтар еңбек етуде. Олар пәтер мәселелері оқсамай жүргендерін айтады. Талай сынақтарды бастан кешіп жүріп, ақ жолдан айнымаған Медет бауырымыздың бұл ізгі қадамы өзге де қалталы азаматтарымызға үлгі болады деген үміттеміз. Күтпеген сыйға өте қуанып қалдық. Алла дұғамызды қабыл етті» — деп, өз ризашылдығын білдірді.

Сауапты іске ұйытқы болып отырған Медет Сикенов, жұбайы Анар да бес уақыт намазын үзбейтін иманды жандар. Екеуі төрт ұл-қыз тәрбиелеуде. Өнегелі отбасы Алла разылығы үшін қайырымдылық істерге ұйытқы болуды өздерінің басты борышы ретінде сезінеді.

muslim.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді