
Оңтүстік Африка Республикасының ірі қаласы Йоханнесбургте жол реттеуші полицейдің көлік қозғалысын билеп жүріп басқаруы ғаламтор пайдаланушыларын тәнті етті. Жүргізушілердің бірі бұл сәтті тіпті видеоға түсіріп үлгерген. Бұл туралы сейсенбі күні, 14 наурызда, Daily Mail жазды, деп хабарлайды Baq.kz.
Басылымның мәліметінше, видеожазбаны Murray Kernick есімді пайдаланушы Facebook-тегі жеке парақшасына 11 наурызда жүктеген. Үш күннің ішінде клиптің көрілімі милионнан асты.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл басынан бері қазақстандық жолпол таяқшасынан айырылып, жол қозғалысы тәртібін жол жиегінде күтіп тұрып емес, арасында көлікпен жүріп қадағалайтын болды.
Бағдаршам істен шыққанда немесе уақытша сөндірілгенде көлік қозғалысын да таяқшасыз реттейтін болды.