jasqazaq.kz

Тәртіп сақшысын полицей өлтірген бе?

27 желтоқсан 2016, 18:25

Бүгін, 27 желтоқсан күні Ақмола облысы бойынша ІІД қызметкерлері шұғыл-іздестіру шаралары барысында 2016 жылдың 25 желтоқсанында жоғалған полиция аға лейтенанты Д.М.Еламановты өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерін ұстады.

ҚазАқпарат хабарлағандай, Облыстық ІІД-нің мәліметі бойынша, күдіктінің сөзіне қарағанда, ол əріптесін екеуара болған кикілжің салдарынан өлтірген. Қазіргі кезде, мəйіт табылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, күдікті қылмысын мойындады және заттай айғақтар алынды. Аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабының бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұған дейін Көкшетау қалалық ІІБ полиция қызметкері Еламанов Дархан Мұратұлының жоғалып кеткендігін хабарлаған болатынбыз. Кейін әлеуметтік желілер арқылы жоғалған полицейдің суреті мен ол туралы анықта мәліметтер бар бағыттама тарады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде