jasqazaq.kz

Төрт жасар бала неге қартайып барады? (видео)

18 қантар 2017, 13:15

Астаналық төрт жасар Ернар Әлібеков тері қартаюы ауруына шалдыққан. Мұнымен қатар иммунтапшылығы кесірінен бағасы 74 мың теңге тұратын дәрі алуға мәжбүр. Ол бір ғана процедураға жетеді. Ал оны апта сайын өмір бойы тұтынып отыру қажет.

stan.kz хабарлағандай, “ернардың ауруы туа салысымен басталды. Екі айдан соң бет әлпетінде қыртыстар пайда болды. Генетик маман тері қартаюы деген диагноз қойды. Одан бөлек тағы қосалық аурулары бар: иммунтапшылығы, жүрек ақауы, тыныс демікпесі, өкпе фиброзы. Бұл аурулар бір жастан асқан кезде шыға бастады. Осыған дейін үш рет операцияға түсті”, – дейді Ернардың анасы Зебинса Төлепбергенова.

Төлепбергеновтер отбасы Ташкенттен көшіп келген. Бұған дейін Ернарға дейін туған қыздары 8 айлығында шетінеп кетіпті.

“Жүктілік кезінде бәрі дұрыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, біз күйеуіміз екеуміз алыс туыстар болғандықтан осындай мәселе туындап отыр екен”, – дейді Зебинса Төлепбергенова.

Қазіргі таңда отбасы қалалық әкімдікке өтініш беріп қойған. Енді қаңтар айының аяғында шығатын шешімді күтуде. Көмек сұрамаса, олардың аса қымбат тұратын дәрілер алуға мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ, Ернардың анасы жалдамалы пәтерде тұратындықтан, баласына ыңғайлы жағдай жасай алмай жатқанын да айтты. Өйткені, көптеген ауруға қатар шалдыққан бала кез-келген қолайсыздықты ауыр қабылдайды.

https://www.instagram.com/p/BPX4h1wAbCf/?taken-by=dubsmash_kaz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде