jasqazaq.kz

Тұрмыстағы әйелді алып қашқан жігіт сотталып кетті

26 сәуiр 2017, 19:27

Жамбыл облысыныда тұрмыстағы әйелді алып қашқан жігіт жеті жылға сотталды.

Оқиға 2016 жылдың 8 қарашасында Тараз қаласында болған. Кешкі 17:00 шамасында бір топ жігіт қарсыласқанына қарамастан қызды көлікке отырғызып, Тұрар Рысқұлов ауданына алып кеткен. Ондағы мақсаттары достарын үйлендіру. «Жылағанына қарамаған, оның үстіне ол тұрмыста болған. Мұны айтқанымен оған сенбеген. Ақыры әйелдің арызы бойынша, жігіттерге қатысты ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-тарауы бойынша материалдар СДТБТ-ға тіркеліп, басты ұйымдастырушы жеті жылға сотталды», — дейді Жамбыл облысы прокуратурасының өкілдері. Ең қызығы тергеу барысында анықталған: жігіттер негізі басқа қызды алып қашпақ болып, тұрмыстағы әйелді шатасып ұрлаған. Жігіт өзінің қалыңдығының түрін де білмеген болып шықты. «Өкінішке қарай Жамбыл облысында алып қашу түсінігі әлі жойылмаған. Оның үстіне бұл қыздың келісімінсіз жасалады. Ал қыз балалар отбасы ұятқа қалады деген түсінікпен сол үйде қалып жатады. Ал мұндай некелердің аяғы жақсы болып жатқан жоқ. Біреулері уақыт өте ажырасады, ал ажыраспаған қыздардың тұрмысы күң өміріне ұқсап жатады», — дейді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде