
Бразилиядағы түрмеде де бүлік шығып, салдарынан 60 адам ажал құшқан. Оқыс оқиға Манаус қаласында болды.
24.kz хабарлағандай, мұнда бір-бірімен араздас сотталушылардың екі тобы төбелес ашқан. Онымен қоймай 12 күзетшіні тұтқынға алған. Жалпы, халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар тарапынан Бразилия абақтыларындағы жағдайға қатысты сын көп айтылып келеді. Өйткені бұл мекемелерде шамадан тыс көп адам жазасын өтеп жатыр. Соның кесірінен тәртіпсіздіктер жиі болып тұрады.