jasqazaq.kz

Түркияда туған қазақ қызы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды

25 шiлде 2016, 12:56

d7faf-clip-57kb

Рио олимпиадасында таэквондодан қазақ елінің намысын бір ер, екі әйел спортшы қорғайды.  Олар — Руслан Жапаров, Айнұр Есбергенова мен Жансел  Дениз.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының тумасы 20 жастағы Руслан Жапаров Олимпиадада Қазақстан құрамасының Байрағын ұстап шығады.

Қыздар арасындағы бәсекеде сынға түсетін қызылордалық 18 жастағы Айнұр Есбергенова — жас та болса біраз биіктерді бағындырып үлгерген талантты спортшылардың бірі.

Енді үшінші спортшымыз Жансел Денизге келсек. Бұл спортшының есімі бұрын спорт жанкүйерлеріне аса таныс емес. Себебі, Жансел — Түркияда дүниеге келген қазақ қызы. Ол жат жерде туып өссе де спортты жастайынан жанына серік еткен.
Жансел Дениз 25 жаста (26/08/1991), Түркиядағы қазақ отбасында туған. Ірі жеңістері болмаса да түрлі халықаралық жарыстардың жүлдегері. 2013 жылы Ресейдің Челябинск қаласында өткен Ашық турнирдің жеңімпазы, Еуропа чемпионы. Түркияның сегіз дүркін чемпионы, Austrian Open турнирінің екі мәрте күміс және қола жүлдесін еншілеген, Russian Open жеңімпазы, Dutch Open мен Trelleborg Open жарыстарының қола жүлде иесі, Ukraine Open және Moldova Open турнирлерінің екі мәрте күміс медалін олжалаған.

Ол Олимпиадаға дейін +67, +73 салмақтарда сынға түсіп келген. Жанселді Түркия қазақтары арасындағы Мұстафа Өзтүрік бастаған таэквондо жолын жалғастырушылардың бірі деуге болады. Жансель 2014 жылдың соңында Қазақстан азаматтығын алған. Олимпиадада +67 келі салмақта өнер көрсетеді.

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде