
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердуан АҚШ-тың осы елдің Пенсильвания штатында тұрып жатқан Фетхуллах Гүленді Анкараға беруін қалайды.
Режеп Тайып Ердуан бұл туралы Ыстамбұлда сөз сөйлеген кезінде айтқан.
Анкара болған бүлікке Гүлен мен оның жақтастары кінәлі деп санайды. «Мен АҚШ Президентіне (Барак Обамаға) айтамын: Мен Сіз оны (Гүленді) депортацияласын, не бізге берсін деп айтқан болатынмын. Алайда мені ешкім тыңдамады. Енді, болған оқиғадан соң, мен қайталап айтам: Оны Түркияға беріңіздер», — деді Түркия Президенті.
Анкара Гүлен мен оның «Футхуллахшылар лаңкестік ұйымы» күні кеше болған әскери төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп санайды.
ҚазАқпарат