jasqazaq.kz

Түркия полициясы Фетхуллах Гүленнің інісін тұтқындады

03 қазан 2016, 11:13

 

photo_29887Түркияның батысындағы Измир қаласында төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған оппозициялық дін уағызшысы Фетхуллах Гүленнің інісі ұсталды, — деп хабарлайды Аnadolu.

Кутбеттин Гүлен ағасы басқарған ұйым қызметіне атсалысқан деген айыппен іздеуде жүрген болатын. Газиемир ауданында жасырынып жатқан күдіктіні ұстау операциясын измирлік полицияның Террормен күрес департаментінің қызметкерлері жүргізді.

Еске салайық, 16 шілдеде Түркияда бір топ көтерілісші төңкеріс жасамақ болды. Қақтығыстар негізінен Анкара мен Ыстамбұлда өткен. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қақтығыстар нәтижесінде көтерілісшілерді есептемегенде 246 адам көз жұмып, екі мыңнан аса адам жарақат алған. Түркия билігі бұл жайтқа Фетхуллах Гүленді айыптап, АҚШ билігінен оны экстардициялауды талап етті. Гүленнің өзі бұл бас көтеруді айыптап, оған қатысы жоғын мәлімдеген.

tengrinews.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді