jasqazaq.kz

Түркия елшісі Қазақ-Түрік лицейлеріне қатысты пікір білдірді

29 шiлде 2016, 16:09

 

20160729154007

 

Қазақ-Түрік білім беру мекемелеріне Түркияның еш қатысы жоқ. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык мәлім етті.

«Қазақстан мен Түркияның ресми билігінің қолдауымен ашылған жалғыз білім ордасы бар, ол – Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университеті. Қазақстанда Қазақ-Түрік атауы бар білім мекемелері Түркияның ресми билігіне түк қатысы жоқ. Олардың қызметіне қатысты барлық шешімдермен Қазақстанның құзырлы органдары, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі айналысады», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Қазақ-Түрік лицейлерінің ішкі мәселелерімен Қазақстан билігі айналысады және елшілік олардың жұмысына қатысты мәселелерді талқылай алмайды. Дегенмен оның сөзі бойынша, Түркияда бүлік жасаушы лаңкестік ұйымның тамыры барша әлемге тарап отыр. «Олар xалықтың ақшасына сатып алынған танктермен, ұшақтармен мемлекетті басып алмақ болды. Түркиядағы төңкеріс 30 жыл бойы ұйымдастырылған. Олар өте қауіпті екені анық. Сондықтан олардың тамыры жайылған мемлекеттер осыны ескеруі тиіс», – деді елші мырза.

Айта кетейік, 15 шілде күні Ыстамбұлда әскери бүлік орын алып, 200-ден астам бейбіт азамат қаза тапты. Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам бүлікші ұсталды, бүлік барысында олардың 100-ге жуығы өлтірілді. Бұл көтеріліске «Түрік Қарулы күштеріне еніп алған Фетxуллаxшыл лаңкестік ұйымы ұйымдастырды» деп жарияланды.

Осыған орай, Қазақстанда қоғам арасында KATEV қорымен құрылған Қазақ-Түрік лицейлерінің тағдыры тақырыбы қызу талқыға түсе бастады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде