
Түркияда өлім жазасы енгізілсе, бұл ел Еуропалық Одаққа мүше бола алмайды. Еуропа Комиссиясының өкілі Гюнтер Оттингер өлім жазасын енгізген елдің Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше бола алмайтынын мәлімдеді.
Түріктің Hürrıyet интернет басылымы жазғандай, Еуропалық Комиссияның сандық экономика және қоғам комиссары Оттингер сондай-ақ, Түркияда әскери төңкеріс әрекетінен кейін сот мүшелерінің қызметтен босатылуына қатысты өз пікірін білдірді. Ол сот жүйесінің тәуелсіздігі маңызды шарт екеніне тоқталып, биылғы жылдың аяғына дейін Түркия азаматтарына ЕО елдеріне визасыз саяхат жасауға рұқсат берілуі екіталай екенін алға тартты.
Айта кету керек, бұған дейін Түркия президенті Р. Ердуан парламент қолдаса, елде өлім жазасы енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.