
2 қыркүйек күні Түркістандағы жоғары сынып оқушылары өзара «разборка» жасап, қарудан оқ атыпты. Үш балаға оқ тиіп, олар қазір ауруханада жатыр. Полицейлер әзірге екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды TVK.
«15 жастағы Бекжан Бақдаулет «разборкаға» 16-шы калибрлі аңшы мылтығын алып барса, ұсталған тағы бір жігіт — 18 жастағы Денислам Раушанбектен травматикалық тапанша тәркіленді»,
— деп хабарлады Түркістан қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Бахадыр Битурсынов.