jasqazaq.kz

Түркістанда ауруxанадан өрт шықты (видео)

16 наурыз 2017, 10:48

Түркістандағы жүйке аурулары ауруханасының ғимараты өртенді.

Оқиғаны куәгерлердің бірі бейнекамераға түсіріп, порталымыздың электронды почтасына жолдаған.

Видеоматериалдан медициналық нысанның үлкен бір бөлігі қызыл жалынға оранғанын байқауға болады. Әзірге зардап шеккендер мен құрбандар туралы нақты ақпарат жоқ. Оқиға орнына қала әкімі мен бірнеше өрт сөндіру станциясы келгені айтылуда.

Дегенмен өрт сөндірушілер ауруxананың өзі емес, жанындағы қораның өртенгенін мәлімдепті. Бірақ, оқиғаны бейнекамераға түсірген куәгер өртеніп жатқан ғимараттың «жындыxана» екеніне сенімді. Оның үстіне, қора өртенсе әкімнің жетіп келуі екіталай.

caravan.kz хабарлағандай, аталған аурухананың басына соңғы бірер жылдан бері үйірілген қара бұлт сейілер емес. Алдымен «жындыхана» аталып кеткен дәл осы мекемеде 2015 жылдың соңында 17 жастағы Маржан Тұрлыбаева есімді сап-сау бойжеткеннің мәжбүрлі түрде емделіп жатқаны анықталған еді. Прокуратураның араласуынан кейін былтыр Маржан бостандыққа шығарылған. Ал, араға көп уақыт салмай аталған ауруханадағы ондаған науқастың туберкулездің ашық түріне шалдыққаны белгілі болды.

https://www.youtube.com/watch?v=7G-IeMNz2kk&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде