jasqazaq.kz

Түркістан туралы туынды түрік көрерменіне жол тартты

19 желтоқсан 2016, 13:42

Түркияның мемлекеттік ТRТ Avaz телеарнасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Еуразияның жүрегі» және «Болашаққа бастар жол» атты деректі фильмдерін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.kz.

 Бұл бастама халықаралық Түркі кеңесінің медиа ынтымақтастық жобасы аясында іске асырылып отыр деп хабарлады «Хабар-24» телеарнасы.

Атап өту керек, еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістіктерін жан-жақты қамтыған бұл құнды туындыны тек Анадолы жұртшылығы ғана емес, телеарна хабар таратын Орта Азия, Қап, және Балтық елдерінің халқы да тамашалауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ ұлық мерекеде қоғамдық саяси-сараптамалық Detay-13 бағдарламасы кезекті шығарылымын толық Қазақстанға арнады.

Студияға шақырылған қонақтар қазақ елінің халықаралық маңызы зор бастамаларына кеңінен тоқталды. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан – түбі түркі халықтарының интеграциясына сүбелі үлес қосқан түркі әлемінің ең мәртебелі елі.

«Бұл бағдарламада бірінші кезекте Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде қол жеткен жетістіктері жөнінде баяндалды. Сонымен қатар Елбасының дем беруімен құрылған Түркі кеңесі қазіргі таңдағы экономика, саясат, мәдениет және білім саласындағы жобалары талқыланды. Алдағы кезеңде де осы іспеттес жобалар жалғасын табады. Және де осындай бағдарламалар тек Түркияда ғана емес, сонымен қатар бауырлас, дос мемлекеттеріміз Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінде бүгінгі күні көрсетіліп жатыр» — дейді Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы.

 

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде