
29 наурыз күні Шымкенттегі 16 ықшамаудандағы көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды.
25 жастағы келіншек өзінің ата-анасының үйіне қонаққа келген. Ол өзі күйеуі және балаларымен бірге қаланың басқа ауданында тұрыпты.
Туыстарының айтуынша, әйел кешкі уақытта дүкенге шығып кетіп жоғалған. Туыстары оны ұзақ күткеннен кейін іздеуге шыққан.
Алайда подъезден шығып үлгермей жатып, оны асылып тұрған күйінде тауып алады. Ол бесінші қабаттағы шатырға шығатын баспалдаққа асылған екен. Оның ата-анасы да осы қабатта тұрады.
Дереу шақырылған жедел жәрдем қызметкерлері тек әйелдің өліміне ғана куә болған. Оқиға орынында криминалист-сарапшылар жұмыс істеді.
stan.kz хабарлағандай, әйелдің үш баласы мен 26 жастағы күйеуі қалды. Олардың отбасылық өмірі туралы ештеңе белгісіз.