
Бір әнге екі клип түсіріп елді таң-тамаша еткен әншінің бұл клипі қайта жаңарды. Әзілкештер бұл жолы клип мазмұнын емес, ән мәтінін өзгертіп, елді күлкіге қарық қылды.
«Қызық Times» бағдарламасына қонақ болған Төреғалиға жүргізушілер тосынсый жасады деп хабарлайды nur.kz . Олар әншінің жаңа клипін әжуалап, оған өз бетінше жаңа мәтін жазып шығарған екен.
Оны көрген жұрт мәз болып, тапқыр әзілкештерге риза болысты.