jasqazaq.kz

Тәрбиешінің туберкулезбен ауыратынын естіген ата-аналар шу шығарды

27 сәуiр 2017, 21:10

34 жастағы Мұңайма Жақыпова Өтеген батыр кентіндегі балабақшаға күтуші боп бір жыл бұрын жұмысқа орналасқан екен. Ал жұқпалы ауру бір ай бұрын анықталыпты. Бұл жағдай прокурорлардың араласуынан кейін мәлім болған. Перзенттері таңертеңнен кешке дейін сол келіншектің қарамағында болған жұрт мұны білген бойда балабақша директорын жағадан алды.

Перзентін туберкулезі бар тәрбиешінің қарағанын білген тұрғындар балабақша басшысын айқайдың астына алды. Келіншектің ауыратыны бір ай бұрын белгілі болған екен. Ал балақайын осында сеніп тапсырғандар оны енді ғана естіпті.

Нәбира Күмісбаева, Өтеген батыр кентінің тұрғыны:

— Ертеңгі күні денсаулығына кім бізге жауап бере алады? Енді не істейтінімді білмеймін.

Жұқпалы дертке шалдыққан қызметкерді жұмыстан шығардым деген директордың түсініктемесі де ата-аналарды тыныштандыра алған жоқ.

Альмира Ноғайбаева, Өтеген батыр кентінің тұрғыны:

-Жөтелген! Жөтелгенде күдік болу керек қой адамда? Балаларымызға қасықпен тамақ берген, нанына май жаққан, памперсін ауыстырған.

Жанжалдан басын ала қашқан басшы ақыры кабинетіне барып тығылды. Тіпті айқайға жеткен тәртіп сақшылары да туберкулез жұқтырып алудан сескенді ме, көп ұзамай кетіп қалды. Ал өкпе құртына шалдыққан келіншек тәрбиеші боп бір жыл бұрын орналасқан екен. Сол кезде сау деген санитарлық кітапшасы да болыпты.

Нұрахмет Шабатаев, балабақша директоры:

-Міне, кітапшасында дені сау, жұмысқа жарамды деген штамп тұр! Барлық дәрігердің қолы бар.

Тәрбиешінің туберкулездің нақты қай түріне шалдыққаны туралы ақ халаттылар тіс жармай отыр. Дегенмен, балалармен қоса, басқа тәрбиешілерді де түгел тексеруден өткіземіз дейді.

Майра Егембердиева, Іле аудандық ауруханасының директоры:

-Науқас диспансерде жатыр. Иммунитеті әлсіз. ауру балаларға жұғады деген әңгіме емес.

ktk.kz хабарлағандай, дауға араласқан прокуратура әйелдің туберкулездің ашық түріне шалдыққанын растады. Қазір балабақша жабылған. Онда залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Күтушінің кітапшасына сау деп жазып бергендер де енді жаппай тексерілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде