jasqazaq.kz

Тұрғындар пәтер аламыз деп жүргенде далада қаңғырып қалды (видео)

27 сәуiр 2017, 22:12

Көкшетау тұрғындары «тірнектеп жиған ақшамызға пәтер аламыз деп жүргенде, далада қаңғып қалатын болдық»,- дейді. Айтуларынша, «Кансам» серіктестігінің қызметкерлері үй салып береміз деп, үлескерлерден миллиондап ақша жинап алған. Алайда екі жыл бұрын тапсырылу керек болған үйге әлі қол жеткізбегендерін айтады.

Үлескерлер құрылысы бітпеген бұл көп қабатты үйге күнде келеді. Бүгінде сол үйді айналшықтап, 30-ға жуық адам жүр. Олардың айтуынша, «Кансам» фирмасын ашқан кәсіпкер екі жыл бойы ондаған тұрғынға құрылысы бітпеген дәл осы үйден пәтер беремін деп уәде етіп келген екен. Алайда, келісім шартпен заңдастырылғанына қарамастан, ақшамызды жымқырып, тақырға отырғызды дейді көпшілік. Мұндағы үлескерлердің әрқайсысы 25 мыңнан 100 мың долларға дейін кәсіпкерге пәтерақысын алдын ала беріп қойғандарын айтады.

Ең сорақысы, кәсіпкер бір үлескермен ресми келісілген пәтерді, екінші бір үлескерге сатып жіберіп отырған дейді. Құрылысы бітпеген бір пәтердің алданған бірнеше қожайыны кәсіпкердің бұл әрекетіне ашулы.

ЛАРИСА ШМИД, үлескер:
— Төбеме жай түскендей болып тұрмын. Менің алғаным, мына жанымда тұрған қыздың пәтері болып шықты. Осы үшін 6 миллион теңге төледім.

АЛЕКСАНДРА ЖИЗНИНСКАЯ, үлескер:
— Иә, біз бұл пәтерді 2015 жылы сатып алғанбыз. Барлық құжаттар бар.

ЕРБОЛАТ АСЫЛБЕКОВ, тілші:
— Жаңа баспанаға қол жеткізіміз деп жүрген үміткерлердің үміті су сепкендей басылды. Себебі, бұл үйдің құрылысы жаңа жылдан бері тоқтап тұр. Құрылыс фирмасы басшысының қара көрсетпегеніне де осыншама уақыт болған. Қазір бұл үйдің айналысында не қоршау жоқ, не бақылап жүрген күзетші де байқалмайды. Иесіз қалған, бос ғимаратқа ұқсайды.

Үлескерлер жаңа жылдан бері кәсіпкерді көрмегендіктерін айтады. Ал бірнеше мәрте прокуратура мен әкімдікке арызданғанымызбен, кәсіпкерге қатысты ешқандай шара қолданбай отыр дейді жиналғандар.

ИЛУА ӘБЕНОВ, «Көкшетау қалалық сәулет және қала құрылысы»бөлімінің басшысы:
— Олардың қолдарында көпқабатты үй салуға рұқсат болған жоқ. Жерді де өздері жеке меншіктен сатып алған. Бұл прокуратура мен әкімдіктің қадағалауында.

Тұрғындар бұл фирманы газет пен көшедегі жарнамалардан тапқандарын айтады. Ал бірнеше ай бойы төбе көрсетпеген кәсіпкердің телефоны да өшірулі. Бұл туралы 31-арна хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде