jasqazaq.kz

Тұрғындар бұл мектепті «тоңазытқыш» дейді

18 қантар 2017, 21:40

Жағдайдан жұрдай білім ошағы! Алматы облысында 500-ден аса оқушы өздері оқитын мектепте бүрсең қағып жүр. Қара суық сыныпта балалар қабат-қабат киіммен отырады. Сыздан қабырғалары да көгеріп, қолқаны қабатын иіс пайда болған. Ал спорт залы, тіпті 3 жылдан бері апатты жағдайда тұр.

ktk.kz хабарлағандай, Талғардағы Мұхтар Әуезовтің аты берілген мектеп осы. Білім ошағы деген аты ғана. Әйтпесе, ата-аналар оны үлкен тоңазтқышқа теңейді. Іші даладан да суық. Қыс басталса, оқушылардың мектеп формасы қалың күртеше мен бас киімге ауысады. Соның өзінде балалар екі күннің бірінде ауыратын болған.

Динара Сабазова, Талғар қаласының тұрғыны:

Бір апта сабаққа келеміз. Бір ай ауырамыз. Айтамыз, ештеңе шешілмейді.

Ал бүгін тілшілер келеді дегенді естіген мұғалімдер барын салып, мектепті жылытып қойыпты. Бұған дейін оқушылар тоқпен жылытатын пешке ғана қарап отыратын. Оны да ата-аналардың өздері сатып алған.

Сивиль Байрамова, Талғар қаласының тұрғыны:

– Жылытқыш пеш сатып алып жатырмыз. Ақша қалмады. Шаршадық.

Ақша жинау да мұнда дәстүрге айналған дейді наразы жұрт.

-Ал  дене шынықтыру сабағы болатын спортзалдың түрі мынау. Әбден ескірген еден опырылып түскен. Мектеп басшылығы оны мынадай ескі парталармен қоршап қойыпты. Ата-аналардың айтуынша, спортзалдың осындай апатты жағдайда тұрғанына 3 жыл болған.

Ең қауіптісі сол, ер балалар осында асыр салып ойнайды. Ал қыздар жағы дене шынықтыру сабағын атымен ұмытқан. Сондықтан, 45 минутты қабырғасы көгерген кабинеттерде өткізеді.

Карина Добрынина, мектеп оқушысы:

– Қыздар спортзалға бармайды. Онда тек ұлдар футбол ойнайды. Біз класта құр отырамыз. Негізі, мұнда 3 жыл бұрын күрделі жөндеу жасалған екен. Бірақ мектептің қазіргі жағдайына қарап, олай деуге аузың бармайды. Себебі, тіпті дені дұрыс дәретхана да жоқ. Ал мектеп басшылығы саусақпен санасаң, бітпейтін кемшіліктің бәрін жақында ретке келтіреміз деп отыр.

Назым Сапақова, №5 мектеп директоры:

– Негізі, пеш бар күшімен жұмыс істеп тұр. Келесі жылы май айында газға қосылсақ, жылу жүйесі қалпына келеді.

Апатты спортзалды да мамырда жөндейміз, –  деп сендірді директор. Тек мұндай уәдеге ата-аналар әбден тойған. Сондықтан, жергілікті басшылардан тезірек шара қолдануды талап етіп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде